111 аяттан тұрады.
Бани Исраиль немесе Исраиль ұрпақтары сүресі деп-те аталынады "Біздің мұғжизалар жібермеуіміз бұрынғылардың мұғжизаны жасынға шығаруы ғана болды. Сондай-ақ Сәмүд еліне көрнеу түрде аруана жібердік. Бірақ оған зұлымдық қылып, өлтірді. Негізінде мұғжизаларымызды үрейлендіру үшін ғана жібереміз. (17:59)"
Израил ұрпақтарын ескерту "Мұса (Ғ.С.) ға Кітап бердік те оны Исраил ұрпақтарына: “Менен өзгені ие тұтпаңдар!”,-деп жолбасшы қылдық. (17:2)
Әй Нұх (Ғ.С.) пен бірге (кемеге) түсіргендеріміздің ұрпақтары! Күдіксіз ол, шүкір етуші бір құл еді. (17:3)
Кітапта Исраил ұлдарына: “Әрине жер жүзінде екі рет бұзғыншылық қылып, өте тәкаппарланасыңдар” деп ескерттік. (17:4)
Екі уәденің алғашқысы келген кезде, оларға, қатты жауынгер құлдарымды жібердік те олар үйлердің араларына дейін кірді. Бұл орындалатын уәде еді. (17:5)
Сонсоң сендерді оларға үстем қылдық. Әрі сендерді малдар, балалар арқылы қуаттап, сан жағынан да молайттық. (17:6)
Егер игілік істесеңдер, өздерің үшін; Жамандық істесеңдер тағы өздеріңе тән. Екінші уәделі мезгіл келген кезде; беттеріңді бұзып, қынжылту үшін және алғашқы кіргендеріндей Месжід Ақсаға кіріп, тас талқан қылулары үшін (жібердік). (17:7)
Мүмкін Раббыларың мәрхамет етер. Егер қайталасаңдар, Біз де қайта жазалаймыз. Сондай-ақ жаһаннамды кәпірлерге зіндан қылдық. (17:8)"
Аллаһ Тағала Дәуіт пайғамбар жайлы
"Раббың көктер мен жердегі әркімді жақсы біледі. Расында пайғамбардың біреулерінен, біреулерін артық қылдық. Сондай-ақ Дәуітке Зәбүрді бердік. (17:55)"
Сілтемелер Құран Аят Тирмизи
Дереккөздер
Санат:Құран сүрелері