Зенит ФК — Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы футбол клубы. Өз алаңындағы ойындарын "Газпром Аренада" өткізеді. Ресейдің ең титулды клубтарының бірі. Клуб 1925 жылы құрылған.
Тарихы Ресей дәуірінде 1944 жылы кубоктың иегері атанды, 1984 жылы чемпиондыққа қол жеткізді. Ал Ресей дәуірінде УЕФА кубогын ұтып алған екі команданың бірі, сондай-ақ 2008 жылы "Манчестер Юнайтедті" 2:1 есебімен ұтып, ресейлік клубтар арасында бірінші боп УЕФА Суперкубогын жеңіп алды. Айта кетейік, сол жылы "Рейнджерсті" 2:0 есбімен жеңіп, УЕФА кубогын олжалаған-ды.
1936 жылы Футболдан КСРО чемпионатының негізін қалаған клубтардың бірі.
КСРО чемпионатындағы 54 маусымның 50-ін жоғары лигада өткізді. Ал Ресей дәуірінде үш маусым (1993, 1994, 1995) бірінші лигада өнер көрсетті. 1996 жылдан бері премьер лигада үздіксіз ойнап келеді. Клубi түстерi
КөкАқКөгiлдiрi Жетістіктері Чемпионат
Чемпион (3): КСРО (1): 1984 Ресейде (2): 2007, 2010, 2011/12, 2014/15 , 2018/19
Бiрiншi дивизион Қола жүлдегер (1): Ресей (1): 1995
Кубок Иесi (3): КСРО (1): 1944 Ресей (2): 1998/99, 2009/10, 2015/16 Финалист (3): КСРО (2): 1939, 1984 Ресей (1): 2001/02 Суперкубок (3): КСРО (1): 1985 Ресей (2): 2008, 2011, 2015, 2016 Лига кубогы (1): Ресей (1): 2003
Халықаралық турнирлар УЕФА кубогының жеңімпазы (1): 2007/08 УЕФА суперкубогының жеңімпазы (1): 2008 Интертото кубогының финалисі (1): 2000
Сiлтемелер Ресми сайты
Санат:Ресей футбол клубтары Санат:Санкт-Петербург Санат:Зенит ФК Санат:1925 жылы құрылған футбол клубтары