Сеткразия (SETCREASEA СЕТКРАЗИЯ) әдемі жапырақты өсімдік. Ол Мексикада көп таралған. Қазақстанда бөлме гүлі ретінде өсіріледі. Жапырақтары түрлеріне байланысты жасыл, сиякөк, күлгін түсті, аралас ақ-сұр жолақты, түкті болып келеді. Гүлдері де түрлеріне қарай ақ, күлгін түсті болады. Сәуір мен тамыз айларының аралығында гүлдейді. Өте жылдам өседі, сондықтан оның сабақтарын уақтылы қысқартып, пішінге келтіріп отыру керек. Жарығы: Жарық жерде өсіру керек. Жарық жетіспеген жағдайда түсі әрсізденіп кетеді. Жылуы: Температураның 3-10°C дейін төмендеуіне шыдамды. Суғарылуы: Жапырақтарына су тигізбей суғару керек. Ылғалдылығы: Жапырақтарына су бүркуге болмайды. Тек өсімдіктің маңындағы ауаға су шашуға болады. Қоректендірілуі: Жаз кезінде минералды тыңайтқышпен айына бір рет қоректендіреді. Аурулары: Дұрыс күтім жасалмаса, көп жағдайда өсімдік битінен зиян шегеді. Жапырақтарына су тигеннен ақ дақтар пайда болады. Көбейтілуі: Үстіңгі сабағын 3-6 см ұзындықта кесіп алып, тамырландырады.

Сілтемелер Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт

Дереккөздер "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727

Санат:Коммелиналар