Құмырагүл () – қасқыржемдер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы. Отаны – Оңтүстік Америка мен Мексика аймақтары. Құмырагүлдің сыртқы пішіні құмыра тәрізді, діңінің төменгі жағы жуан болады да, биіктеген сайын жіңішкере түседі. Өсімдік діңінің дөңгеленген жартысы топырақтың сыртында, жартысы жердің астында тамырымен жалғасып өседі. Негізінен бұл өсімдік тастақ шөлдерде өсетіндіктен, бойына су жинап, сақтау үшін осылай қалыптасқан. Жапырақтары діңінің жоғарғы бөлігінде орналасқан. Жапырағы жіңішке ашық жасыл түсті, ұзындығы 2-3 метрге жетеді. Үй жағдайында ыстық пен суыққа төзімді күтімі жеңіл өсімдік болып саналады. Жарығы: Жарық сүйгіш. Тіке түскен күн сәулесін қажет етеді. Жылуы: Қыста 10ºС төмен түспегені абзал. Суғарылуы: Жазда топырағының беткі қабаты әбден құрғағанда барып суғарады. Қыс айларында айына бір рет, ал салқындау жерде тұрса суғармайды. Ылғалдылығы: Құрғақ ауаға төзімді. Су бүркуді қажет етпейді, дегенмен де жапырақтарын тазарту мақсатында су бүркіп, шаңын жуып тұрған абзал. Ескертетін жай, су бүркігенде діңіне су тигізбеу керек. Ол үшін қағазбен діңін орап қойған дұрыс. Қоректендірілуі: Жазда айына бір рет минералды тыңайтқышпен қоректендіріледі. Аурулары: Ауруға сирек шалдығады. Өрмекші кенесі, ақ ұнтақ құрты, щитовка зиянкестері зақым келтіруі мүмкін. Мөлшерден артық суғаруға болмайды. Өз бойында ылғалды ұстап тұру мүмкіндігі бар өсімдік болғандықтан, артық суғарғаннан діңі шіріп кетеді. Көбейтілуі: Өскіндері немесе тұқымы арқылы көбейтіледі. Сілтемелер Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт

Дереккөздер "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727

Санат:Қасқыржемдер