V Ха́ральд (; 21 ақпан 1937, Аскер – 28 тамыз 2026) — 1991 жылғы 17 қаңтардан 2026 жылғы 28 тамызға дейін Норвегия королі.

Өмірбаяны

Харальд — 1370 жылдан бері Норвегияда туған бірінші ханзада. 1940 жылы корольдік жанұя немістердің Норвегияны басып кіргеннен кейін Вашингтон қаласына көшіп кетті. Харальдтің атасы Хокон VII және әкесі, Улаф ханзада, соғысты Лондонда өткізді, үкіметті қуғында басқарған. 1945 ханзада Норвегияға қайта оралып Осло университетінде оқуды бастады (1955) жылдан әскери академияда. 1960 жылдан Оксфорд университетінде).

1968 жылы Соня Харальдсен ақсүйек емес әйелге үйленді, екі баласы бар: ханшайым Марта Луиза және ханзада Хокон, тақ мұрагері.

Желкенді спортпен әуестеніп, бірнеше рет әлем чемпионаттарына (әкесі сияқты) (команда құрамындағы алтын медаль — 1987), Еуропа және Олимпийада ойындарына (1964, 1968 және 1972) қатысқан. 1964 жылы Токиодағы Олимпиада ойындарында Норвег туын көтерген. 1928 жылы Амстердамдағы Олимпиада чемпионы атағына ие болған әкесі Улаф V-ден гөрі, Харальд Олимпиада ойындарында 8-ші орынына жоғары көтерілген жоқ, бірақ Еуропа чемпионатында жақсы жетістіктерге жеткен. 2005 жылы, король болған кезде (жүрек операциясы жасалғаннан, екі ай өткеннен кейін), 68 жасында өзінің командасымен бірге Швециядағы өткен Еуропа жарысында жеңіске жеткен.

2003—2004 және 2005 король қатты ауырып, рак және жүрек-тамыр ауруларынан емделген.

Дереккөздер

Санат:Норвегия корольдері