MS Adventure of the Seas («Теңіз оқиғасы») — Royal Caribbean Cruises Ltd.-ның меншігіндегі «Voyager» класындағы үшінші кеме. 2001 жылы Турку қаласының STX Europe верфінде соғылады.
Тарихы Кеменің құрылысы 1999 ж. тамыз айында басталады. 2000 ж. зауыт нөмірі 1346-шы килі төселеді. 2001 ж. 26 қазанда тапсырылып, 8 қарашада Нью-Йоркте шоқындыру салтанаты өтеді.
Аталмыш кеменің операторы Royal Caribbean International болады. Алғашқы сапары 18 қараша 2001 ж. басталады. Сол күннен бастап Кариб теңіз бассейнімен саяхаттайтын болған.
АҚШ-тағы экономикалық дағдарыстан, 2010 ж. Adventure of the Seas-ті Жерорта теңізіне жіберіледі. Сол жерде кеме көктем мен жаз айларында Барселона мен Малаги арасымен төрт-бес күндік круиз жасайтын болды.
2011 ж. тамыз айынан бастап лайнер Жерорта теңізінде жұмыс істеп келеді.
Кемедегі ойын-сауықтар left|thumb|Интерьері 50-ші жылдардағы Johnny Rockets® мейрамханасы Portofino итальян мейрамханасы күні бойы жұмыс істейтін променад Casino RoyaleSM 1350 орындық театр мұз айдыны өрмелейтін қабырға серфингке арналған жасанды толқын — Flow Rider баскетбол және мини-гольфке арналған алаңқайлар
Тағы қараңыз Navigator of the Seas Voyager of the Seas Explorer of the Seas Алып жолаушылар лайнерлер тізімі Royal Caribbean International
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Adventure of the Seas auf Det Norske Veritas (швед тілінде) Royal Caribbean International бетінде кеменің сипаттамасы
Галерея
Санат:Круизді кемелер