Әли ибн Әбу Тәліп әл-Құраши ( [ʕaliː ibn ʔæbiː t̪ˤɑːlib]; 15 қыркүйек 600 — 24 қаңтар 661) — Мұхаммед пайғамбардың немере інісі, күйеу баласы, сахабасы, төрт халифаның төртіншісі (656—661). Исламды алғаш қабылдаған балалардың қатарынан. Али 656 жылдан 661 жылға дейін Халифа болған. Ол шииттерге де, сунниттерге де саяси және діни жағынан маңызды тұлға есептеледі.Араб википедиясы

Әли Меккеде туған кісі. Ол Мұхаммедтің пайғамбардың туған ағасы Әбу Тәліп пен оның әйелі Фатима бинт Асадтың баласы.Sahih Muslim, Book 21, Hadith 57. Әли ислам дінін алғаш қабылдаған ер адамдардың бірі саналады,Kelen 2001, 29бет.Watt 1953, xii ал кейбір дінтанушылар оны алғашқы мұсылмандардың бірі, тіпті бірінші мұсылман деп те атайды.https://www.al-islam.org/brother-prophet-muhammad-imam-ali-mohamad-jawad-chirri/4-first-muslims#f_1e0fbce4_5 The First Muslims www.al-islam.org Retrieved 23 November 2017 Алғашқы кезеңде ол Мұхаммед пайғамбарды қорғапcite book Razwy Sayed Ali Asgher A Restatement of the History of Islam & Muslims 72б., жаңадан қалыптасып келе жатқан мұсылман қауымының барлық соғыстарына қатысқан. Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін Әли Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатимаға үйленеді.Britannica 656 жылы Осман ибн Аффан халифаны өлтірілгеннен кейін, Ashraf (2005), pp. 119-120бет. Madelung (1997), pp. 141-145бет. Мұхаммедтің жақтастары Әлиді халифа болуға шақырады. Әлидің билігі кезінде араб қоғамында ішкі соғыс басталды. 661 жылы ол Куфадағы мешітте намаз оқып тұрған кезде Харижилердің бірінің шабуылына ұшырап, екі күннен кейін қайтыс болды..Lapidus 2002. 47бет.Holt Lambton Lewis 1970. 70–72бет.Tabatabaei 1979. 50–75бет and 192бет.

Имам Әли Негізгі аты – Әли ибн Әбу Тәліп ибн Әбдүл Мүттәліп ибн Хишам ибн Әбди Манап ибн Құсайи ибн Киләб ибн Мүррә ибн Кағб Лүей әл-Құрайыши әл-Хашими. Ол – хижрадан жиырма жыл бұрын дүниеге келген, Пайғамбардың ағасы Әбу Тәліптің шаңырағындағы кенже ұл. Хазірет Әли төрт ұл мен тоғыз қыздың әкесі. Бұлардың арасындағы Пайғамбардың “олар менің дүниеде иіскеп сүйген екі райханым” деген ұлдары Хасан мен Хұсейн, қыздары Зейнеп пен Үммүгүлсім Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатиманың құрсағынан шыққан. Фатиманың көзі тірісінде ол екінші рет үйленбеген.Саңлақ сахабалар. Алау Әділбаев. Алматы-2010ж. 103-бет.

Сунниттердің көзқарасында Мүминдердің әміршісі, Жәннатпен сүйіншіленген он сахабаның бірі, Пайғамбардың күйеу баласы, Аллаһтың арыстаны, ғылым қаласының қақпасы ретінде танылған төртінші халифа. Оның шыншылдығы, батырлығы, Расулаллаһқа жақындығы, тақуалығы мен парасаттылығы кейінгі ұрпаққа өнеге. Бойындағы өшпес иманы мен мұқалмас жігері жағынан да сахабалардың арасында орны ерекше. Пайғамбардың ғұмыр кешкен уақытындағы маңызды соғыстарға қатысып, сайыпқыран батырлықтың үлгісін көрсетті. Пайғамбарымызды жанындай жақсы көрді. Аллаһ елшісі дүние салғаннан кейін де хазірет Әли бүкіл ғұмырын Исламды жаю және сақтау жолында жұмсап, кейінгі ұрпаққа қызыға қарап, тамсана тыңдар тарих қалдырды.

Шииттердің көзқарасы бойынша

Шииттердің көзқарасы бойынша Әли имам болып есептеледі. Ол терминде имамия деп аталады. Исламдағы шииттік бағыт Мұхаммед пайғамбардың жалғыз мирасқоры, мұсылман уммасын басқаруға лайықты имам ретінде төртінші “тақуа халиф” Әли мен оның ұрпақтарын ғана мойындайтын бағыт.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 “Шиа” араб тілінен аударғанда топ, партия, жақтаушылар, көмекшілер деген мағынаны білдіреді.ИСЛАМДАҒЫ ШИИТТІК БАҒЫТ-Нағима БАЙТЕНОВА, филос. ғ.д., профессор, Сұлтанмұрат Абжалов, дінтану магистрі. Имамия - имамдылықты және он екі имамға сенуді діннің негізі деп санап, Хазірет Пайғамбар (с.а.у.) қайтыс болғаннан кейін Хазіреті Әли мен оның ұрпағының имамдар екенін қабылдаған мазһаб. Бұл мазһабтың көзқарасы - Хазіреті Әли мен оның ұрпағының имамдар екенін қабылдау болып табылады. Бұл мазһабтың көзқарасы бойынша Хазіреті Әли және оның он екі ұлы мен немерелері Аллаһтың аяттары және Хазіреті Пайғамбарлық өсиетімен имам болып тағайындалған.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1

thumb|right|250px| Аңыз бойынша Әлидің "Зүлфұқар" айыр қылышы

Лақап аттары Уәлиуллаһ, (Арабша: ولي الله), Мағынасы: Аллаһтың досы.الإمامة وأهل البيت ج 2 - محمد بيومي مهرانإمامة أمير المؤمنين عليه السلام في القرآن الكريم Хайдара, (Арабша: حيدرة), Мағынасы: арыстан. .الاسم الشريف والكنية المباركةالمناقب: ج3، ص106، فصل في تسميته بعلي والمرتضى وحيدرة وأبي تراب Әл-Мұртада, (Арабша: المرتضى) Әмирул Мүминин, (Арабша: أمير المؤمنين), Мғынасы: мұсылмандардың басшысы.القرآن الكريم ورواية المدرستين ج3 للسيد مرتضى العسكريلقب أمير المؤمنين Яғсуб әл-Мүминин немесе Яғсубуд дин, (Арабша: يعسوب المؤمنين ويعسوب الدين), Мағынасы:سماه الرسول بهذا كما ورد في كتب الفريقين ولكن ضعفها أهل السنة كنز العمال في سنن الأقوال والأفعال - حرف الفاء Әл-Садиқ Әкбар, (Арабша: الصديق الأكبر), Мағынасы: Сенімді. Әл-Фаруқул Ғазим, (Арабша: الفاروق الاعظم), Мағынасы: Жақсылық пен жамандықты айырушы. Бәбә Мәдинәтул Ғилм, (Арабша: باب مدينة العلم), Мағынасы: Ғылым қаласының есігі. Шиғалара осылай атайды. Суюти өзінің (Тарихул Хулафа" кітабында: "Бұл Хасанның лақабы деп жазған.تاريخ الخلفاء للسيوطي - باب علي بن أبي طالب - فصل في الأحاديث الوارده في فضله. Дегенмен сәләфилер бұл лақабты жоққа шығарады.« موضوع» (سلسلة الأحاديث الضعيفة6/518 ح رقم2955).ذكره الحافظ عن جابر مرفوعا. ثم قال « الحديث منكر» (لسان الميزان1/197).(7/165) من الميزان يصف الذهبي الخبر بأنه باطل. Уәлидул Кағба, (Арабша: وليد الكعبة), Мағынасы: Кағбада туған. Кейбір деректер бойынша Әли Кағбада туған. Шәһидул михраб. (Арабша: شهيد المحراب), Мағынасы. Михраб шейіті. Михрабта, намазда өлтірілгендігі үшін осылай аталған.

Күнйясы Күнйя - араб сөзі, лақаб ат секілді, дегенмен бір адамның ұл-қыздарының есімдерінің алдына әкесі яғни "Әбу" деген сөз қосылып айтылуы. Мысалы: Әбу Хасан, Әбу Тураб. Әбу Хасан, (Арабша: أبو الحسن) Әбу Тураб, (Арабша: أبو التراب) Әбү Сабтин, (Арабша: أبو السبطين) Әбул Хасанайн, (Арабша: أبو الحسنين) Әбур Райханатайн, (Арабша: أبو الريحانتين)

Әлидің отбасы Әлидің отбасы - бауырлары бесеу және бірнеше әйелдері болған, әл-Бидәйә уән Ниһәйә кітабы. Ибн Касир Әкесі Әбу Талиб ибн Әбдүлмүттәліп, Анасы Фатима бинту Әсәд

Бауырлары Әлидің үш ағасы және екі әпкесі болған. Талиб ибн Аби Талиб Жағфар ибн Аби Талиб Ғақил ибн Аби Талиб Үммү Һәни Жимана бинту Аби Талиб

Әйелдері Фатима әз-Заһра Фатима әз-Заһра - Мұхаммед пайғамбардың қызы.

Фатимадан көрген ұл-қыздары: Хасан ибн Әли Хусейн ибн Әли Мухсин ибн Әли (Болмаған деген деректер де бар) Зәйнәб бинту Әли Үммүкүлсүм бинту Әли

Фатима бинту Хизам Үммүл Бәнин Фатима бинту Хизам ибн Халид әл-Киләбийя

Үммүл Бәниннен көрген балалары: Аббас ибн Әли Осман ибн Әли Жағфар Абдуллаһ Барлығы Кербала шайқасында өлтірілген.

Ләйлә бинт Масғұд Ләйлә бинту Масғұд ибн Халид әт-Тәмими

Ләйләден көрген балалары: Үммү Әби Бәкі (Кербала шайқасында өлтірілген) Ұбайдуллаһ (Мұхтар әл-Сақафидің қолынан қаза болған)

Әсмә бинт Ғамис Әсмә бинт Ғамис әл-Хасғасиден: Үммү Яхйя Ғаун

Үммү Хабиба Үммү Хабиба бинт Зәмға ибн Бахр әл-Тәғләбийядан: Үммү Омар Рұқайя

Үммү Сағид Үммү Сағид бинт Ғаура ибн Масғұд әл-Сақафийя Үммү Рәмлә әл-Кубрә Үммүл Хасан

Имрул Қайстың қызы Бинту Имрул Қайс ибн Ғади ибн Аус әл-Кәлбиден бір қызы болған. Ол қыз сәби кезінде қайтыс болып кеткен. Имрул Қайс арабтардың атақты ақын, әдебиетші, жыршысы болғын.

Үмәма Үмәма бинт Аб әл-Ас ибн Рабиғ әл-Ғабшамия (Абдуш Шәмс, Құрайш тайпасынан болған). Анасы Мұхаммед пайғамбардың қызы Зәйнәб. Үмәмамадан Үммү Мұхаммед әл-Аусат туған.

Хәулә бинт Жағфар Хәулә бинт Жағфар ибн Қайс әл-Ханафия

Балалық шағы “Аллаһтың арыстаны” Әли көп балалы отбасында дүниеге көзін ашты. Әкесі Әбу Тәліптің олардың барлығын бірдей асырап-сақтауға жағдайы келмегендіктен, ол Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бақытқа толы, нұрлы отбасында өсті. Мұхаммед пайғамбар жанындай жақсы көрген көкесі Әбу Тәліпке көмектесу үшін басқа ағайын бауырларымен кеңесті. Олар тілектерін көкесіне білдіріп, балаларының кейбіреулерін өздерінің қарауына беруді ұсынды.

Әбу Тәліп:

– Балаларымның арасынан қалағандарыңды алыңдар, бірақ Ақилді өзіме қалдырыңдар, – деп, олардың тілектерін қабыл етті.

Пайғабардың қолында Әлиге тағдыр тамаша сыйын тарту етіп, оны Пайғамбар өз қарауына алды. Ол кезде Әлидің әлі бес жасар бала кезі. Бұл – баланың нағыз тәрбиеленуге ыңғайлы, қалай бағыт берсең солай жүріп, жақсылыққа, ізгілікке тән нәрселерді бойына суды құмдай сіңірер таза шағы. Тап осындай кезеңде Пайғамбардың нұрлы шаңырағында тәрбиеленуі оны қараңғылық дәуірінің жаман індеттерін бойына жұқтырудан аман алып қалды. Сол замандағы арабтардың табынып жүрген пұттарына табынбай, өмірін тура жолдан жаңылыспай өткізуге себепкер болды. Бұл ол үшін көктен тілегені жерден табылған үлкен бақыт еді.

Балалардан алғаш мұсылман болған Әли Тарихшылардың берген мәліметтеріне қарағанда, баһадүр Әли тоғыз немесе он жасында мұсылман болған. Исламды қабылдауы төмендегі оқиғаға байланысты: Бір күні Әли Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен Хадиша анамыздың (р.а.) намаз оқығандарын көріп, таңырқай қарап, “бұл не өзі?” деп сұрайды. Пайғамбар: “Бұл – Аллаһтың пайғамбарлар арқылы жіберген діні. Сені еш ортағы жоқ бір Аллаһқа иман келтіруге, Лат пен Ұзза пұттарына бас имеуге шақырамын”, – деп, оны Исламды қабылдауға үндеді.

– Бұл жайлы мен әлі ешнәрсе естіген емеспін, мұны жақсы білмеймін. Әкеммен ақылдаспай тұрып ешнәрсе дей алмаймын, – деп, Әли ойлануға мұрсат сұрайды. Алайда Пайғамбар ол кезде дінді ашық түрде жариялауды бастамағандықтан, мұны басқалардың естігенін қаламай:

– Ей, Әли, мұсылман болмасаң да мұны жасырын ұста. Ешкімге айтпа, – дейді. Түні бойы кірпік айқастырмай шыққан оның жүрегі Исламға жылынып, ертесі күні таң атысымен Пайғамбарымызға (с.а.с.) барып:

– Кеше мені нені қабылдауға шақырған едіңіз? – дейді Әли толқып...

Пайғамбар:

– Аллаһтан басқа тәңірдің жоқ екендігіне, құлшылыққа Аллаһтың ғана лайық екендігіне куәлік ет. Лат пен Ұзза пұттарынан бас тарт. Аллаһқа ешқандай серік қоспа! – дейдіКандыхләуй, 1, 66 .. Сол сәттен бастап Әли (р.а.) Исламды қабылдады. Ол Хадишадан кейін Исламды алғаш қабылдаған адам бақытын иеленді. Ес біліп етек жапқалы Пайғамбарымыздың тәрбиесінде өскен Әлидің (р.а.) пәк көкірегі өзге түгіл өзіне пайдасы жоқ пұттарға табынудан аман қалды.

Ер жеткен соң Бала кезінен мұсылмандықты қабылдаған жау жүрек Әли өмірінің соңына дейін Ислам жолында табандылық пен шынайылық, Аллаһқа деген иманының беріктігі мен Расулаллаһқа деген сүйіспеншілігінің асқан үлгісін көрсетті.

Мединаға һижрет етуі Мұхаммед пайғамбар һижрет еткен түні, Аллаһ елшісін өлтіруге бел буған мүшріктерді жаңылту үшін басына төніп тұрған қатерге қарамастан, Расулаллаһтың төсегіне жатудан қаймықпады. Пайғамбар Әлиді қалдыру себебі, Меккедегі кейбір адамдардың аманаттарын қайтарып беру болатын. Бұл – Пайғамбарыдың қаншалықты сенімді әрі пайғамбарлық ісінде қаншалықты шынайы болғандығының айғағы. Жаулары өзін өлтірудің қамын жасап шарқ ұрса да, ол өміріне төнген қатерге қарамастан аманатты иелеріне беруді ойлайды.Саңлақ сахабалар. Алау Әділбаев. Алматы-2010ж. 106-бет.