Ральф Нейдер (; 27 ақпан 1934 жыл, Уинстед, Коннектикут) — америкалық заңгер және тұтынушы құқығының қорғаушысы.
Ливан иммигранттарының баласы. Принстон және Гарвард университеттерінде оқыды.
1963 жылы Хартфорд, Коннектикутта заң жағынан өтіп жүрген іс-тәжірибесін тастап, Вашингтонға автостоппен кетеді. Осы жерде қоғамдық жұмыстарға қатыса бастайды. Оның қауіпті мәшинелер жөніндегі жобасы бестселлерге түсті.
Әртүрлі саладағы өнеркәсіп пен бизнесті үкіметтің реттеп отыруы туралы заң жобаларына ықпал жасады. Кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық бойынша Басқару ұйымында ақпараттың еркіндігі туралы Заңның қабылдануында қозғаушы күш болды.
Нейдер АҚШ президенттігіне өзін бірнеше рет ұсынып көрген: 1996 және 2000 жылдары Жасылдар партиясының атынан, 2004 жылы Реформалар партиясының атынан және 2008 жылы тәуелсіз кандидат болып.
Дереккөздер
Санат:АҚШ саясаткерлері Санат:АҚШ Демократиялық партиясының мүшелері Санат:АҚШ Жасылдар партиясы мүшелері Санат:АҚШ Реформалар партиясы мүшелері Санат:АҚШ президенттігіне үміткерлер (1996) Санат:АҚШ президенттігіне үміткерлер (2000) Санат:АҚШ президенттігіне үміткерлер (2004) Санат:АҚШ президенттігіне үміткерлер (2008)