План (лат. planum — жазықтық) — жер бетінің белгілі бір телімін жазықтықта (1:10000 не одан да үлкенірек масштабпен) шартты белгілердің көмегімен бейнелейтін сызба (топографиялық План); қандай да бір ғимараттың немесе нәрсенің горизонталь қимасы немесе оның жоғарыдан қарағандағы көрінісі; горизонталь проекция;«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
План элементтері План элементтері –– сызбада көрсетілген сызықтық контурлардың, аудандардың, масштабтан тыс объектілердің, жазулардың шартты белгілері. План элементтері өздерінің бейнеленуі бойынша штрихтық, аялық, жартылай түсті құйылған және түрлі түсті болып бөлінеді. План элементтері тушьпен, қарындашпен, сондай-ақ декольдермен және темплеттермен сызылады.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Пландар дәлдігі Пландар дәлдігі –– пландағы объектілер орындарының жергілікті жердегі нақтылы орындарымен айырмашылығы шамасын сипаттайтын ұғым. Пландар дәлдігі план бойынша анықталған контурлар орны мен нүктелер биіктігі жер бетінде тексеру-өлшеу нәтижелерінен алынған мәліметтер айырмашылығымен бағаланады. Шектеулі айырмашылық нұсқаулармен белгіленген орташа квадраттық қателіктердің екі есе шамасынан аспауы қажет. Шектеулі шамадан асатын айырмашылық саны жалпы тексеру-өлшеу санының 5%-ынан аспауы тиіс. Шектеулі айырмашылық саны 10%. Орташа қателіктерді есептеуге шектеулі шамадан асатын барлық айырмашылықтар енгізіледі.
Тағы қараңыз Сызба геометрия
Дереккөздер
Санат:География және геодезия