'Наурыздың 22 — Григориан күнтізбесінде жылдың 81-ші күні (кібісе жылдарда 82-ші). Жылдың аяғына 284 күн қалады.

Мерекелер

, Бүкіләлемдік су ресурстар күні , Наурыз мейрамы

Оқиғалар 1921 – «Жас алаш» газетінің бірінші саны жарыққа шықты. Көптеген жылдар бойы «Лениншіл жас» аталып келген бұл басылымның қазақ жастарының болмыс – бітіміне әсер – ықпалы, ұлттық журналистиканың озық дәстүрлерін қалыптастырудағы орны ерекше. Ғасыр соңында газет заман талабына сай, тәуелсіз сана тұрғысынан жаңаша түледі. 1989 – талай жылдар бойы діни мереке деп саналып, тыйым салынып келген, соңғы рет 1926 жылы аталған Наурыз мейрамы Қазақстанда қайтадан ресми түрде атала бастады. Бұл іске көрнекті мемлекет қайраткері, этнограф – ғалым Өзбекәлі Жәнібеков көп еңбек сіңірді.

Туғандар 1181 — Ибн әл-Фарид, Арабтың ірі мистик-ақыны 1394 — Ұлықбек, өзбек астрономы және математигі 1499 — Иоганн Карион (1537), неміс тарихшысы, математигі, астрономы. 1868 — Роберт Эндрюс Милликен (1953), американ физигі, 1923 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты. 1931 — Бертон Рихтер, американ физигі, 1976 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты 1902 – қазақтың классик жазушысы, аса көрнекті драматург Ғабит Махмұдұлы Мүсірепов дүниеге келді. 1985 жылы қайтыс болған. 1948 – қазақтың жазушысы Марат Қабанбаев, Г.Х.Андерсен атындағы өте беделді халықаралық сыйлықтың иегері. 1949 – қазақтың дүлділ әншісі Жәнібек Кәрменов.

Қайтыс болғандар 1832 — Йоганн Волфганг фон Гете (1749), неміс ғалымы және жазушысы. 1996 — Клод Мориак (1914), француз жазушысы және сценарист. 2005 — Кэндзо Тангэ (1913), жапон архитекторы. 2015 - Ли Куан Ю (1923), Сингапурдың тұңғыш премьер-министрі, экономикалық керемет авторы.

Сыртқы сілтемелер

Санат:22 наурыз