Өскемен Жиһаз Комбинаты– ағаш өңдеу кәсіпорны. 1956 жылы іске қосылған. Жиһаз фабрикасы негізінде 1979 жылы құрылған. Алғашқы кезде диван, диван-кереует, буфет, түрлі шкафтар, сервант, үстел, трюмо, балалар жиһазын шығарды. Комбинат болып қайта құрылғаннан кейін кәсіпорынның технология үдерісі жетілдіріліп, мамандану саласы кеңейтілді. 1994 жылдан АҚ. Қазіргі кезде шкаф-бар, шифоньер, “Салют”, “Ульбинка” маркалы жиынтық жиһаздар, басқа да көптеген жиһаз түрлерін шығарады.
Сілтемелер Өскемен. Өскемен Конденсатор Зауыты. Өскемен Қорғасын-Мырыш Комбинаты. Өскемен Титан-Магний Комбинаты. Өскемен Су Электр Станциясы.
Санат:География Санат:Шығыс Қазақстан облысы Санат:Өскемен