Назарова Тамара Александровна (27.4.1912, Украина, Донецк облысы Бахмут қаласы – 2.7.1983, Семей қаласы) – ғалым, медицина ғылымының доктары (1958), профессор (1959), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1969). Харьков медицина институтын бітірген (1955).1955 – 83 жылдары Семей медицина институтында патофизиология кафедрасының меңгерушісі, институттың ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры (1958 – 63), ректоры (1963 – 74) болды. Негізгі ғылыми еңбектері патофизиология мәселелеріне арналған. Назарова Тамара Александровна шок (кенет естен тану), есеңгіреу салдарынан болатын мидағы патофизиологиялық өзгерістерді анықтады. Қан орнына құйылатын арнайы ерітіндіні жасады (ерітінді соғыс кезінде жаралы жауынгерлерді емдеуге қолданылды). Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер
Сілтемелер Медицина Ғылым Қазақстан Патофизиология
Санат:Ғалымдар